ANTIKOR • 16 Тамыз, 2022

Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары кезінде Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен полиция қызметкерлерінің мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген

Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы – Т-ның және Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды.

Аталған тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген.

Осы жылдың 14 тамызында тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлерінің қатысуы тексерілуде.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғаларға құқықтық баға беріледі.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.