Қаржы • 16 Тамыз, 2022

Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мұнай бағасының едәуір өсуінен Ұлттық қорға түсімдер көбейгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті

«Жалпы халықаралық резервтер биылғы шілденің соңында 85,9 млрд доллар, оның ішінде ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта активтері – 32,8 млрд доллар, Ұлттық қордың активтері – 53,1 млрд доллар болды. Республикалық бюджетке 3 трлн теңге трансферт бөлу үшін биылғы 7 айда Ұлттық қордың валюталық активтері 3,3 млрд долларға сатылды. Мұнай бағасының едәуір өсуінен Ұлттық қорға түсімдер жыл басынан бері шамамен 3,5 есеге ұлғайып, 3,4 трлн теңге болды», деді Ақылжан Баймағамбетов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың орташа жылдық кірісі құрылғаннан бастап биылғы шілдеге дейін – 3,17%, соңғы 5 және 10 жылда тиісінше, 1,70% және 1,67%.