Тағайындау • 16 Тамыз, 2022

Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды

653 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз активі алдында қаланың жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдікке сілтеме жасап.

Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл лауазымға осыған дейін Ертіс ауданының әкімі болған Аян Бейсекин тағайындалды. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қала әкімі алдында тұрған басты міндеттерді айқындап берді.

Павлодар облысының тумасы Аян Бейсекин өзі туған Ертіс ауданын 2019 жылдан бері басқарған. Оған дейін Павлодар қаласы және Железин ауданы әкімінің орынбасары болды. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Бейсекин Алматы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Мегаполиске дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік жүйесі мен жеке меншік секторда жұмыс істеген.

Аян Бейсекин – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдап, 2013 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік әкімгерлік магистрі атағына ие болды.