Елорда • 16 Тамыз, 2022

Елордада бірқатар көше уақытша жабылды

32 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елордада қандай көшелер жөндеуге жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарма ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге орай 5 жол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтаған.

16-20 тамыз аралығында М. Әуезов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Ә. Жангелдин көшесіне дейінгі учаскесі толық жабылды.

15 тамыздан 5 қыркүйекке дейін Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы айналма жолдан бастап Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаске жабылған.

Сонымен қатар 24 тамызға дейін «Арқар» көпірінде көлік қозғалысы тоқтайды. Атап айтқанда, Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан бастап Р.Қошқарбаев көшесі бағытында жөндеу жұмыстары жүреді.

Ал 6-20 тамыз аралығында Сауран көшесінің жолдары орташа жөндеуден өтеді. Осыған байланысты Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаске ішінара жабық тұр.

Бұдан бөлек, 15-20 тамыз күндері Мәңгілік ел даңғылының Керей-Жәнібек хандар көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы тоқтады.

Соңғы жаңалықтар

Цифрлық таңбалау жүйесі

Қазақстан • Кеше

Көліктер QR-код тағады

Қазақстан • Кеше

Жол жөнделсе, іске сеп

Аймақтар • Кеше

Доллар бағамы өсті

Қаржы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар