Абай • 16 Тамыз, 2022

Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері

544 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейде XXIII республикалық Абай оқулары байқауының жалауы желбіреді. Ұлы шайырдың мұрасын насихаттауға арналған байқауда елі­міздің үздік мектеп оқушылары шы­ғармашылық қарым-қабілеттерін таны­татын болады.

Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері

Жиырма жылдан бері үзілмей өткізіліп келе жатқан рухани дода биыл да ауқымды деңгейде өтеді деп көзделіп отыр. Айталық, осы жолы Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 130-дан аса жас өрен ұлы ақынның мұраларын насихаттап, өзара кіл мықтыны анықтайтын болады.

Аталған іс-шара дәстүрге сәйкес Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым етуден басталып, қаладағы мәдени орындарға экскурсиялық сапармен жалғасты. Оның барысында балалар Семейдің тарихына қатысты құнды деректерге қанығып, сәулет ескерткіштерін көруге мүмкінік алды.

«Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығы жастарды адамгершілік қағидаларына, сондай-ақ өзінің жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға ретінде жетіліп дамуына септесетіні сөзсіз. Жыл сайын осы дәстүрлі байқауға қатысуға ниет білдіргендердің қатары артып келеді. Бұл біздің болашағымыз үшін үлкен жетістік деп ойлаймын.

Абай – дана ойшыл, ақын. Өзінің әдеби мұралары арқылы ол қаншама ұрпақты тәрбиелеп, адам болып қалыптасуына мұ­рындық болды. Әлбетте, оның қатарында жерлестері, яғни семейліктер де бар. Ұлы ойшылдың парасаттылығы, дүниетанымы, жақындарына деген мейірімділігі бүкіл әлемге аян. Осы құндылықтарды жадымызда сақтау, демек Абайды ұмытпау – біздің қасиетті парызымыз», деді Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков.

Байқау қатысушылары Абайдың Жиде­байдағы мемориалдық кешеніне сапарлап, онда өз өнерлерін ортаға салатын болады. Ұлы ақынның мұражайын аралап, оның өмірімен тереңірек танысуға мүмкіндік алады.

 

Абай облысы