Оқиға • 17 Тамыз, 2022

Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызып беремін деп, танысынан 4 млн теңге алған түркістандық 2 жылдан бері «уәдесін орындамаған», деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды

«Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, қызын «Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызып беремін» деп танысы 4 000 000 теңгесін алдап алып кеткенін көрсеткен. Алайда жәбірленуші әйел күдіктіден 2 жыл бойы уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді», делінген ақпараттық хабарламада.

Полицейлер жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды анықтады. Орта жастағы күдікті ер адамның жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр.