Әлем • 17 Тамыз, 2022

Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапқан

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің солтүстігіндегі Сонора штатында Хуан Аржон Лопес есімді журналистің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапқан

Штаттың бас прокуроры Клаудиа Индира Контрерас Кордоба баспасөз мәслихатында A Que Le Temes газетінің тілшісі Лопестің 9 тамыздан бері із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан. 

62 жастағы Лопестің әріптестері мен отбасы мүшелері оны соңғы рет 8 тамызда көрген. Оның  жоғалғаны белгілі болғаннан кейін билік іздеу тобын құрды. Өкінішке қарай, құтқарушылар қаралы хабармен ғана бөлісті. 

Мексикада баспасөз өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық толқыны тоқтаусыз жалғасуда.