Тағайындау • 17 Тамыз, 2022

Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрлігі Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Құлмұханбет Исаков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді

Исаков Құлмұханбет Мырзахметұлы 1969 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Андреевка ауылында дүниеге келген. Салық органдарындағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

Алматы облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылдан 2019 жылдың мамыр айына дейін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.

2019 жылғы мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.