Кездесу барысында шаруаларды су құбырымен қамтамасыз ету проблемаларын шешу жолдары, «Қолдау КZ» электронды порталы арқылы құжаттарды беру кезіндегі қиындықтар, субсидиялау тәртібінің өзгеруі, минералды тыңайтқыштардың қымбаттауы және олардың тапшылығы кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар депутаттар Парламент Сенатының өткен сессиядағы жұмысының қорытындыларына тоқталды. Сондай-ақ олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға және ауылды дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындаудың маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара соңында сенаторлар көтерілген барлық проблема жан-жақты пысықталып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетінін айтты.
Сондай-ақ Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарына барып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін аграрлық кәсіпорындардың жұмысымен және қазіргі жағдайымен танысты.
Кездесуде жергілікті шаруалар Солтүстік Қазақстан облысының аудандары елдің ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосып отырғанын айтып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.
Өз кезегінде Ерік Сұлтанов ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытудың және осы саланы цифрландырудың маңыздылығына тоқталды.
«Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды қолданатын өндірушілердің қатары аз. Бұл өнімділіктің өсуін шектейді. Алдағы уақытта осы бағытты одан әрі жетілдіру аса маңызды. Жалпы, соңғы жылдарда мемлекеттік қолдау арқылы агроөнеркәсіптік кешен қарқынды дамып келеді. Ауылшаруашылық және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемі ұлғаюда. Қазіргі заманғы өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы технологиясымен қамтамасыз ету жұмысы да артып отыр», деді сенатор Ерік Сұлтанов.
Депутат өңірге сапары кезінде Краснокиевка-Октябрьское бағытындағы және Чкалов ауылына кіреберістегі жолдарды жөндеу жұмыстарымен де танысты. Сондай-ақ Тайынша ауданының басшылығымен және автожол мамандарымен аймақтың көлік инфрақұрылымын дамыту перспективаларын талқылады.
* * *
Мәжіліс депутаттары өңірлерде жұмысын жалғастырып, облыс, аудан орталықтарын аралап, еңбек ұжымдарымен, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізуде, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Кездесулер барысында халықты әлеуметтік қолдау шараларына, мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті жерлерде жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Жақында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Алматы облысының Есік қаласында Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүзеге асырудың Жол картасы шеңберінде салынып жатқан 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.
Кездесуде Ж.Әшімжанов қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы, оның ішінде депутаттардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық бастамалары туралы айтты. Сонымен қатар нысандағы құрылыс жұмыстарының сапасы уәкілетті органдардың қатаң қадағалауында болуға тиіс екенін де атап өтті.
Өз кезегінде құрылыс компаниясының өкілі Болат Ишназаров қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталғанын, абаттандыру жұмыстары біткеннен кейін тұрғын үйлер мерзімінде пайдалануға берілетінін мәлімдеді.
Жалпы, Есік қаласында кезекте тұрған тұрғындарға осы жылдың төртінші тоқсанында 120 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған.