Қаржы • 18 Тамыз, 2022

Бүгінгі доллар бағамы белгіленді

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475-480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі доллар бағамы белгіленді

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 – 479 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 476 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.

17 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,34 теңгеге төмендеп, 476, 25 теңге болған.

Ұлттық банктің 18 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,20 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,3 – 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.