Аймақтар • 18 Тамыз, 2022

Жетісу облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талғат Қозбеков Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

Талғат Қозбеков 1976 жылы 23 қыркүйекте Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Экономист-маркетолог» мамандығы бойынша және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Салық комитетінің Панфилов ауданы бойынша Салықтық тексеру басқармасының салық инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары басқарма бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2022 жылдың наурызынан бастап Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.