Естеріңізге салайық, кіші және үлкен Талдыкөл бойынша эко-урбандалу қағидаттарын пайдалана отырып, қалалық аумақты елорданың саябақ аймақтарымен интеграциялау бойынша жұмыс жалғасуда.
Нұр-Сұлтандағы кіші және үлкен Талдыкөлде экопарк құрылады. Осы мақсатта бірінші кезеңде 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінде үлкен Талдыкөл бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Кіші Талдыкөл су объектісіндегі су балансын сақтап, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.