Білім • 18 Тамыз, 2022

Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Магистратураға түскендердің тізімі алдағы аптада жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады

«Магистратурада білім алуға бүгінде республика бойынша 17 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түсті. Грант иегерлерінің тізімі Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм-каналында 25 тамызға дейін жарияланады», делінген Ғылым жәе жоғары білім министрілгінің телеграм-каналында.

Айта кетейік, магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді.