Оқиға • 18 Тамыз, 2022

Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды

«Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне орай жарияланбайды», делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК-нің Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.