Аймақтар • 19 Тамыз, 2022

Халықаралық олимпиадада олжа салды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі физика-математика бағытын­дағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушы­сы Мұхаммадариф Сахмолдин IOI-2022 халық­аралық олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.

Халықаралық олимпиадада олжа салды

Әлемдегі ең үздік 5 халықаралық олимпиаданың қатарына кіретін International Olympiad in Informatics білім бәйгесі биыл 34-ші рет Индонезияда өткізілді. 90-ға жуық елден 350-ден артық оқушы қатысқан бұл сында Мұхаммадариф күміс медальді иеленді.

«Шәкіртіміздің кезекті жетістігі бізді ерекше қуантып отыр. Олай дейтініміз, Мұхаммадариф былтыр осы олимпиаданың қола медаліне қол жеткізген еді. Енді міне, сол көрсеткішін жақсартып, тағы бір сатыға көтерілді. Жалпы, мақтаулы оқушыларымыздың қа­та­рына кіретін оның қанжығасында информатика пәнінен республикалық және халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын медальдары бар. Жүлдегерді Семейге келгенде ұстаздары, сыныптастары үлкен қошеметпен күтіп алуды жоспарлап отыр», деді мектеп директоры Бағдан Қайыржанов.

Мұхаммадариф олимпиада барысында алгоритмдік есептерді шешіп, бағдар­ламалаудан екі күн бойы бақ сынады.

 

СЕМЕЙ