Облыстық балалар ауруханасының травматолог-дәрігері Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, содан бері бірнеше рет емделу курсынан өткен. Алдымен Жылыой аудандық орталық ауруханасына қаралған. Кейін 2 ақпанда облыстық балалар ауруханасында оның жамбас сүйегіне екі ота жасалды. Ал 8 шілдеде жамбас сүйегінен имплантталған фиксаторларды алып тастау отасы сәтті өтті.
Бұдан соң амбулаторлық бақылауға алынып, оңалту орталығында емделді. Бір ай бұрын облыстық балалар ауруханасының базасында орналасқан «Қамқорлық» оңалту орталығына жатқызылды. Аталған орталықта оңалтудан сәтті өткен Альмира қайтадан қалыпты жүруге мүмкіндік алды. Осыған орай оңалту орталығында облыстық балалар ауруханасының жас маманы, травматолог-дәрігер Жақсылық Мағзомов 9 жасар қыздың тұсауын қайтадан кесті.
Қазір Альмира отбасына оралды.
Атырау облысы