Әл-Фараби ауданы Орманов көшесі бойында орналасқан «Казахское общество слепых» қоғамдық бірлестігінің Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорнына қарасты бір қабатты ғимараттағы мақта және ағаш сөрелері жанған. Ал, мақтаның қалдықтары ғимарат ішінде күйіп кетпеуі үшін көшеге шығарылды.
«Өрт сағат 16:26-да оқшауланып, сағат 17-12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 53 адам және Аппаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды», делінген Шымкент қалалық ТЖД таратқан хабарламада.