Кәсіпқой бокс • 19 Тамыз, 2022

Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі

12385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін уақыт жақындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, отандасымыз Головкин кездесуге тура бір ай қалғанын еске салды.

Боксшы инстаграм парақшасында алғашқы екі жекпе-жектің үздік сәттерінен видеошолу жариялап, «Жекпе-жекке тура бір ай қалды» деп жазды. 

Айта кетейік, Головкин — Альварес арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Қазақстанда 18 қыркүйек күні таңертең) өтеді. Алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегаста өткен. 2017 жылы қыркүйекте тең нәтиже тіркелді. Ал тура бір жылдан кейін өткен екінші кездесуде Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.