Білім • 19 Тамыз, 2022

Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің республикалық тамыз конференциясында мектеп пен колледждерде директорлардың тапшылығы байқалып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін

«Мектеп пен колледждерде, балабақшаларда білікті директорлардың тапшылығы байқалып отыр. Қазіргі кезде біраз орын бос тұр. Әрине, мұғалімнің еңбегі мен біліктілігі өте маңызды. Бірақ барлық мәселені шешкенімен, білікті әрі білімді директор болмаса, онда басқа жасалып жатқан жұмыстар тиісті нәтижесін бермейді. Директорлардың жалақысы мұғалімдермен салыстырғанда аз екені белгілі», деді Асхат Аймағамбетов.

Осы орайда министр директорларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін еске салды.

«Оларға түрлі айыппұлдар салып кетеді. Ата-аналармен және мұғалімдермен жұмыс істеу керек. Алайда директорлардың алатын жалақысы өте төмен. Сондықтан осы бағытта жаңа оқу жылында бұл мәселені шешу тұрғысында тиісті жұмыстарды атқарамыз. Қазір 400-ден астам директор жаңа оқу орындарына барып, жұмысын жалғастырып жатыр. Осы әріптестерімізге үлкен алғысымды айтқым келеді», деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50