БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 20 тамыз күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылында болды.
«Сағат 12:20-да ауыл маңында орналасқан құс фабрикасының цехы жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 21 адам (5 техника) жұмылдырылды. Өрт сағат 14:13-те толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан жалпы аумағы шамамен 1 875 шаршы метр құсқа арналып салынған цех түгелдей жанып кетті. Адамдар аман. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде», делінген ведомство хабарламасында.