Әлем • 21 Тамыз, 2022

Германия Канцлерінің рейтингі құлдырап барады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия халқының үштен екісі канцлер мен билеуші коалицияның жұмысына наразылық білдіріп жатыр. Тек 25% Шольцтың жұмысын қанағаттанарлық деп санайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия Канцлерінің рейтингі құлдырап барады

Германияда канцлер Олаф Шольц пен билеуші коалицияның рейтингі ең төменгі деңгейге дейін төмендеді.

Германия азаматтарының 62%-ы Шольцтің жұмысына қанағаттанбайды, тек 25%-ы оның нәтижелеріне қанағаттанған.

Билеуші коалицияның рейтингі де рекордтық деңгейге дейін төмендеді. Респонденттердің 65%-ы қазір федералды үкіметтің жұмысына наразы, тек 27%-ы оны мақұлдайды. Наурыздың басында халықтың 46%-ы Шольцтың жұмысын мақұлдаса, 39%-ы мақұлдамады.