Бизнес • 22 Тамыз, 2022

Шағын бизнесті несиелендіреді

1969 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аграрлық несие корпорациясы АӨК субъектілерін қаржыландырудың жалпы көлемінің 40%-дан астамын несие серіктестіктері арқылы рәсімдейді. Ақтау қаласында АӨК несие серіктестіктерінің қауымдас­тығы мен Аграрлық несие корпорациясы Несие серіктестіктердің IV форумын ұйымдастырды.

Шағын бизнесті несиелендіреді

Шағын және орта бизнесті қолдау «Бәйтерек» холдингі­нің «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазына Капитал Менеджмент және Аграрлық несие корпорациясы сияқты еншілес ұйымдары арқылы жүргізіледі.

– Корпорация несие серік­тестіктері жүйесі арқылы қар­жыландырудың тиімді тетік­терін жасап, қолжетімді несие өнімдерін ұсынуда. Бүгінде несие серіктестіктері Қазақстанның барлық облысын­да бар, олар 17 мың­нан астам кәсіпкерге қыз­мет көрсетіп отыр. Несие серік­тестіктері жүйесі­нің артықшылығы көп. Солар­дың бірқатары: ауыл шаруа­шылығы тауар өндіруші­леріне жақын орналасуы, несиелендірудің бүге-шүгесіне дейін жолға қойыл­ған жүйесі мен несие серік­тестігі мүшелерінің өзінің өңірі­нің дамуына қызығу­шылы­ғының артуы, – дейді «Бәйтерек» Ұлттық басқару­шы холдингі» АҚ басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев.          

Аграрлық несие корпорациясы былтыр несие серік­тестіктеріне 109 млрд теңге бөліп, 6,4 мың жоба қар­жыландырылды. Оның ішінде «Кең дала» бағдар­ламасы бойынша көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарына 26,5 млрд теңге, техника мен құрал-жабдықтар сатып алуға 29,6 млрд теңге, төрт түлік сатып алуға 35,7 млрд теңге және өзге де мақсаттарға 18,1 млрд теңге бөлінді.

– Биылғы жартыжылдықта 7 мыңнан аса шаруаға 182,5 млрд теңгенің несиесі берілді. Бұл ретте қаржыландырудың 43 пайызы немесе 78,8 млрд теңгесі несие серіктестік­теріне тиесілі. Биыл несие серіктестіктерін қаржылан­дыруға 129 млрд теңге, ал келесі жылы 140 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз, – дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Маңғыстау облысында үш несие серіктестігі жұмыс істейді. Соның бірі 140-тан аса мүшесі бар «Мұнайлы несие» НС. Жыл басынан бері қаржы институты жалпы сомасы 344,3 млн теңгеден асатын 18 жобаға несие берді.

– Бүгінде еліміздің 158 ауданындағы 206 несие серік­тестігі 23,5 мың ауыл шаруа­шылығы тауарын өндірушісін біріктіреді. Алайда несие серік­тестіктерінің оң көр­сет­кішіне қарамастан, жаңа заман жаңа жағдайды талап етеді. Ауылдық жерлер мен моноқалаларда ша­ғын және микробизнесті қар­жы­ландыру үшін несие серік­тес­тіктерінің әлеуетін кеңей­ту бойынша жұмыс жүргі­зе­міз. Бұл қосымша қорлан­дыруды іздеуді, апекс қорын құруды, сонымен бірге несие серік­тес­тіктеріндегі үдерістерді оң­тай­ландырады, – деді АӨК НС қауымдас­тығының Басқарма төрайымы Альмира Сағатова.

 

АҚТАУ