«Елордада спортшыларға арналған алғашқы медицина орталығы ашылды. Жаттықтырушылар мен спортшыларға арнап жеке медициналық мекеме бөлу мәселесі кездесулеріміздің бірінде талқыланған болатын.
Мәселен осыған дейін спортшыларымыз №5 қалалық емхана базасында кәсіби тексерістен өтіп, ем алып келді. Бұл тексерулер өзге пациенттермен бірге, жалпы кезек бойынша жүргізілді. Ал бұл белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық туғызып, спортшылардың сапалы дайындығы мен сауықтыру процесіне кері әсер етті. Онымен қоса, спортшылар мен олардың жаттықтырушылары ем-доммен арнайы спорт дәрігерлері айналысуы қажеттігін айтқан болатын», деді А.Көлгінов.
Әкім атап өткендей, сала мамандарымен кездесуден соң спортшыларға арналған медицина орталығын ашу шешілген. Нысан А-82 көшесіндегі «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында орналасқан.
«Бұл орталық спортшылардың медициналық тексеруден емін-еркін өтуіне, денсаулығын оңалтып, қалпына келуіне мүмкіндік береді», деді шаһар басшысы.
Мекемеге білікті спорт дәрігерлері жұмылдырылады.