«Бүгін сағат 09.57-де елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен Іле көшесінің қиылысында автокөліктің өртенгені туралы хабарлама алды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде Volkswagen Рassat маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 10.15-те толығымен сөндірілді», деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Ведомство мәліметінше, жалынды сөндіруге ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.