Алдымен Кеңсай зиратында еске алу рәсімі өтті. Кейін қала орталығында оның мүсініне гүл шоқтары қойылды, оған Дінмұхамед Қонаевтың туыстары мен жақындары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қоғам өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ, Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйінде жаңартылған экспозициялар бойынша экскурсия өткізілді. Мамандар көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығын мерекелеу аясында мұражайда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйі осы жылдың 19 сәуірінде реставрациядан кейін қайта ашылды. Қалпына келтіру жұмыстарына музей және архив ісі саласындағы жетекші мамандар, дизайнерлер, мүсіншілер, суретшілер, бейнеинженерлер тартылды. Жұмыс барысында Дінмұхамед Қонаевтың халықаралық қорымен келісілген тұжырымдама мен жобаның эскизі әзірленді.