ANTIKOR • 23 Тамыз, 2022

Кәсіпкерлер қылмыстық істер бойынша 900 тергеу әрекетінен қорғалды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерлік субъектілерін қорғау жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер қылмыстық істер бойынша 900 тергеу әрекетінен қорғалды

Отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық жедел-тергеу құрамы, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров және өңірлік палаталардың өкілдері қатысты.

Адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуға жол бермеу, тергеу әрекеттерімен шамадан тыс қысым көрсету бойынша оң жұмыс нәтижелері талқыланды.

Атап айтқанда, тергеуге нұқсан келтірмей, қылмыстық процесті оңтайландыру арқылы кәсіпкерлерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қылмыстық істері бойынша 900-ге жуық тергеу әрекетінен қорғады.

«Бизнесмендерді, коммерциялық фирмалардың қызметкерлерін шақыру екі есе қысқарды. Бұл жұмыс Агенттік Төрағасының 13 шілдедегі бұйрығына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық арқылы жүргізіледі.

Ведомстволық құжат сотқа дейінгі тергеп-тексеру қағидаларымен қатар кәсіпкерлік субъектілерін қорғауға арналған арнайы тарауды қамтиды», делінген хабарламада. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ұлттық палатаның бизнеске құқықтық көмек көрсету бойынша бірлескен жұмысы таныстырылды. Кеңесте кәсіпкерлердің неғұрлым проблемалық өтініштері бойынша кейстік міндеттер қаралды. Бірқатар аумақтық департаменттің басшыларына олар бойынша нақты, жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды.

«Кәсіпкерлердің өтініштерін уақытылы қарау үшін мемлекеттік органдар тарапынан олардың қызметіне заңсыз араласуға байланысты өтініштерді қарау бойынша бизнеспен онлайн кездесулерді Ұлттық палатамен бірлесіп жүйелі негізде өткізу туралы шешім қабылданды.

Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қорғау жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді», деп хабарлады агенттіктен.