Қоғам • 23 Тамыз, 2022

Өндірісте жазатайым оқиғалар азаймай тұр

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудың 20 жастағы тұрғыны жұмыс орнында аяғынан айырылды. Қазір мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр, тиісті сот-медициналық сараптама да тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндірісте жазатайым оқиғалар азаймай тұр

Бұл фактіні өңірлік полиция растады. Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жергілікті полицияға хабар 20 тамызда түсті. Облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 20 жастағы қала тұрғыны «сол жақ сирақтың үштен бір бөлігінде травматикалық ампутация, сол жақ сирақтың үштен бір бөлігінде жұмсақ тіндердің ақауы бар жарақат» диагнозымен жеткізілді.

Жедел-тергеу тобы зардап шегушінің кәсіпорындағы жұмыс орнында, ашалы арбада, жүктерді тасымалдауға қызмет ететін құрылғыда жұмыс істеу кезінде жарақат алғанын анықтады.