Қоғам • 23 Тамыз, 2022

Биыл елімізде 308 жаяу жүргінші қайтыс болды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, биыл елімізде 308 жаяу жүргінші қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елімізде 308 жаяу жүргінші қайтыс болды

«Жол-көлік оқиғасында мерт болғандардың және жарақат алғандардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілер. Биыл еліміздің жолдарында 308 жаяу жүргінші көз жұмды және 2 168-і түрлі дене жарақаттарын алды», деді ведомство өкілі.

Осы орайда ол жаяу жүргіншілер жолда жауапкершілік танытуы тиіс екенін, жолдағы қауіпсіздік жалпы алғанда жаяу жүргіншіге де, көлік жүргізушісіне де қатысты екенін атап өтті.

«Бағдаршамның қызыл түсін елемей жүрген немесе жолды белгіленбеген жерінен кесіп өткен жаяу жүргінші жол апатына кінәлі болып жатады. Жаяу жүргіншілердің кесірінен 265 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 55 адам қаза болып, 217-сі түрлі жарақат алды», деді ведомство өкілі.