Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 тамызда сағат 05:40 шамасында Алматы-Бішкек тасжолының 92 шақырымында болған.
«Лада» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», делінген ПД хабарламасында.
Автобус жүргізушісі Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.