Қоғам • 23 Тамыз, 2022

Елордаданың әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында заңсыздықтар анықталды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының отырысында әлеуметтік-мәдени даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Ләззат Разбекова-Түлеуханова елордадағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында орын алған заңсыздықтар жайында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордаданың әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында заңсыздықтар анықталды

«Мемлекеттік органдардың басшыларымен «Қолжетімді орта» жол картасының қызметтері қаланың барлық аймақтарында таралмағанын мойындады. «Нұрлы жүрек» орталығында 200 млн теңгеден астам қаржы жымқырылғаны анықталып отыр. Бүкіл дерлік орындарда тәрбиеленушілерге қолдау көрсету жоспары формалды түрде іске асырылған», деді комиссия мүшесі.

Спикердің айтуынша, кейбір орталықтарда санитарлық қауіпсіздік талаптары да бұзылған.

«Жоғарыда аталған заңсыздықтарға лауазымды тұлғалардың өзінің функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарауы себеп болып отыр», деп қосты мәслихат депутаты.