Елорда • 24 Тамыз, 2022

Елордада құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салынып жатыр

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда шатыр және қасбет материалдарын шығаратын зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Forbes.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Елордада құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салынып жатыр

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауыттың құрылыс алаңына капсула салынды. Жаңа кәсіпорынды «Самұрық-Қазына Констракшн» компаниясы салып жатыр.

«Зауыт өнімдері тек ішкі нарыққа ғана емес, көрші елдерге де экспортталады. Сондай-ақ шатыр және қаптау материалдары бұрын дайын күйінде Ресейден, Қытайдан және Финляндиядан әкелінген», деді Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.  

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 630 000 металл жабын элементтері мен 2 200 000 жабын материалдарын шығарады деп жоспарланып отыр.

Өндіріс іске қосылса, 70-ке жуық жұмыс орны ашылады. Құрылыс процесіне 90-нан астам адам тартылады. Зауыттағы алғашқы өнім 2023 жылдың қыркүйегінде шығарылады деп жоспарлануда .