Қазақстан • 24 Тамыз, 2022

«Қазаэронавигация» бас директоры қызметінен кетті

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азат Бектұров «Қазаэронавигация» бас директоры лауазымынан өз еркімен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазаэронавигация» бас директоры қызметінен кетті

«2022 жылғы 23 тамызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне қарайтын «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды», деп жазылған хабарламада.