Әлем • 24 Тамыз, 2022

Нигерияда тырысқақтан 91 адам қайтыс болды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерия ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (NCDC) мәліметі бойынша елде қаңтар айының бері тырысқақтан қайтыс болғандар саны 91-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Нигерияда тырысқақтан 91 адам қайтыс болды

Осы уақыт ішінде індет Абуджа қаласында және Африка елінің 31 штатына тарап үлгерген. Бұл аймақтарда тырысқақ инфекциясының 3 610 жағдайы анықталған. 

Айта кетейік, тырысқақ «Вибрион» бактериясы арқылы жұғады. Ол адам ағзасына тамақ және су арқылы беріледі және ауыр диарея тудырады. Емделмеген жағдайда соңы өлімге әкелуі мүмкін.