Елорда • 24 Тамыз, 2022

Елорданың Алматы ауданына жаңа әкім тағайындалды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақсат Саматұлы Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Елорданың Алматы ауданына жаңа әкім тағайындалды

«ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 37 жастағы Мақсат Саматұлы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол бұл тағайындауға дейін Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды», делінген хабарлмада.

Мақсат Саматұлы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық», Астана энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде жұмыс істеген.

2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда, оның ішінде 2019 жылдан 2022 жылға дейін – Алматы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еткен.

Соңғы 8 айда Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары болған.