ANTIKOR • 24 Тамыз, 2022

60 мың гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген антикоррупциялық мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.

60 мың гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

«Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі шешімімен «БН Экотехнология» ЖШС-на 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жер уақытша пайдалануға берілді. Бұл ауданның барлық жайылымдық алқаптарының 10,2%-ын құрайды.

Алайда бүгінгі күнге дейін «БН Экотехнология» ЖШС мал басын тіркеу жүргізілмеген, демек, жайылымдық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған», делінген хабарламада.

Осыған байланысты, департаменттің Жамбыл облысы әкіміне 28 шілдедегі жер пайдаланушыдан жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша шаралар қабылдау туралы хаты негізінде 19 тамызда Сарысу ауданының әкімдігі мемлекетке 60 000 га жерді қайтарды.

Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336,0 млн теңге.