Портал мәліметіне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Ең төменгі жалақы – 60 000 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге (әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдарды, сондай-ақ салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін);
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
Бұдан басқа, құжатқа сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат оның мөлшерінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға артуын ескере отырып белгіленеді.
Сондай-ақ ӘМСҚ-ға төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызына тең.