Әлем • 25 Тамыз, 2022

Латвия президентінің сайты орыс тілінде ақпарат таратпайтын болды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латвия президенті Эгилс Левицтің ресми сайты орыс тілінде жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Латвия президентінің сайты орыс тілінде ақпарат таратпайтын болды

Бұл туралы Delfi порталы президенттің мемлекеттік канцеляриясының медиа орталығына жетекшілік ететін Юстин Дейчманға сілтеме жасап хабарлаған. 

«Президенттің  барлық ақпараты ресми интернет-порталда енді тек латыш және ағылшын тілдерінде беріледі», деді Юстин Дейчман.

Оның айтуынша, халықаралық аудиторияға тек ағылшын тілінде ақпарат беру туралы шешім Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына байланысты қабылданған.