Ауа райы • 25 Тамыз, 2022

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 тамыз күні республиканың бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақмола облысының батыс, солтүстік, оңтүстік бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, тұман түседі.

26 тамызда күндіз Атырау облысында 35 градус ыстық болады. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының солтүстік бөлігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 18 м/с дейін жетеді.

Павлодарда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 18 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.