Бизнес • 25 Тамыз, 2022

Грант алуға өтінім қабылдау басталады

512 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Business.enbek.kz порталында (бұдан әрі – Портал) 2022 жылғы 29 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 3-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.

Грант алуға өтінім қабылдау басталады

Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 225 200 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін:

  • Порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәй­кес­тігіне тексеруден өту;
  • бизнес-жоспар үлгісін жүк­теп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қа­жет.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халық­қа қызмет көрсету орта­лық­­т­а­рында, кәсіпкерлерге қыз­мет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Грант алу үшін бірқатар шарт­тарды сақтау қажет.

Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:

  • тіркелген жұмыссыздар;
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін);
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы «кандас» мәр­тебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • аз қамтылған отбасы мүше­лері;
  • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәр­бие­леп отырған адам (жұбайы
    /зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
  • жастар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуға тиіс.

Рәсімдердің ашықтығын қам­та­масыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ың­ғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі элек­тронды форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдерді қа­былдау бірыңғай терезе – Business.enbek.kz порталы ар­қылы жүзеге асырылады.

Грантты: қажетті құрал-сай­мандарды, еңбек құрал­да­рын, технологиялық жабдық­тар­ды, малдарды, жануарларды, құс­тар­ды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жай­ларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

Гранттар: тұтынушылық мақ­­сат­­­тарға, кредиттік қарыз­дарды өтеуге, жылжымайтын тұр­ғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциз­делетін өнімдер өндіруге беріл­мейді.

Гранттарды халықты жұмыс­пен қамту орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қа­рау жөніндегі аудандық/қа­ла­лық комиссияның шешімі негі­зін­де береді.

Үміткерлер өз биз­нес-жобасын комиссия отырыстарын­да таныстырады. Бұл ретте ко­­­ми­с­сияның әрбір мүшесі биз­­нес-жоспарды баға­лай­ды және бағалау парағын мынадай өлшем­­шарт­тар бойынша тол­тыра­ды: бизнес-идеяның бәсе­кеге қабі­лет­тілігі, өткізу на­рық­тары­ның пысықталуы, бизнес-жоба­­ның қаржылық өмір­­шеңдігі, кәсіп­кер­лік дағды­лар­дың дең­гейі, жаңа жұмыс орын­дарын құру.

Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жоба­ларының пысық­талуын баға­лауд­ың нақты өлшем­шарт­та­ры негізінде қабылданады.

Комиссия шешімі үміт­кер­дің Порталдағы жеке кабинетіне жібе­­ріледі. Комиссияның оң ше­ші­мі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ электронды форматта жасалады.