Түркияда жасалған бұл қару Әзербайжанға 2020 жылы Таулы Қарабақ соғысында Арменияның броньды күштерін жеңіп, ауқымды аймақты қайтарып алуына көмектесіп, өз тиімділігін көрсеткен еді. Дегенмен бұл қаруға қызығушылық Шығыс Еуропа және Кавказ елдерімен ғана шектелмейді.
Өткен апталарда Bayraktar TB2 Буркина-Фасодан оңтүстікке қарай жылжып келе жатқан жиһадшы топтарды тоқтату үшін күресіп жатқан Батыс Африка елі Тогоға жіберілді. Мамыр айында Нигер Сахара шөлінің оңтүстігіндегі Сахел аймағында және Чад көлінің айналасындағы көтерілісшілер тобына қарсы әскери операциялар үшін ел үкіметі 6 Bayraktar TB2 сатып алған. Ұшқышсыз ұшақтың африкалық тұтынушыларының қатарына Эфиопия, Марокко және Тунис те кіреді.
Жалпы, бұл қуатты бақылау және шабуыл қаруы Африка континентінде алғаш рет 2019 жылдың басында Ливияда қолданылған. БҰҰ мойындаған Триполиде орналасқан үкімет күштері осы қарулардың көмегімен шығыста генерал Халифа Хафтар бастаған көтерілісшілерді тоқтатқан еді.
Африкалық сатып алушылар, әсіресе арнайы мамандандырылған ұзақ әскери оқуды қамтамасыз ете алмайтын кедей елдер үшін ұшқышсыз ұшақтар әуе қуатын оңай құру мүмкіндігін ұсынады. Бұл, әсіресе Нигер және Того сияқты елдер үшін тиімді болып отыр. Бұл елдер Сахел аймағындағы шекара өткелдері мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасайтын жиһадшыл содырлармен соғысып жатыр. Нигер әскері бұл проблемамен жылдар бойы күресіп келеді. Шабуылдар негізінен ел астанасы Ниамейден бірнеше сағаттық жерде орналасқан Буркина-Фасо мен Мали арасындағы шекарада болады.
Дегенмен Того үшін жиһадтық қауіп басқа Африка елдерімен салыстырмалы түрде жаңа және алаңдатарлық болып отыр. Соңғы онжылдықта жиһадшы содыр топтардың шабуылдары орталық Сахелде (Мали, Буркина-Фасо және Нигер) және ішкі аймақтарда Кот-д'Ивуар, Гана, Того және Бенин сияқты жағалаудағы елдерге бағытталып жатыр. Көршілес Кот-д'Ивуар 2016 жылы Гранд Бассам курорттық қаласында 19 адамның өмірін қиған жиһадтық шабуылға ұшырады, ал 2020 жылы солтүстік-шығыстағы содырлармен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар болды.
Сахел аймағында ұшқышсыз ұшақтарды қолдану жаңалық емес. Олай деуімізге себеп – Францияның да, АҚШ-тың да Нигерде үкіметтің қауіпсіздік стратегиясын қолдау үшін жұмыс істейтін UAV базалары бар. Жергілікті әкімшілікті төңкеру мақсатында әскери операция жасауға шешім қабылданған Эфиопия сияқты үлкен державалар үшін ұшқышсыз ұшақтар жалпы елдегі әскери әлеуетті арттырудың маңызды құралы. Дегенмен ұшқыш арқылы басқарылатын әскери ұшақтардағы проблемалар ұшқышсыз ұшу аппараттарына да қатысты. Мысалы, өткен жылдың екінші жартыжылдығында Эфиопияның Тигреймен қақтығысында ұшқышсыз ұшақтар 300-ден астам бейбіт тұрғынды өлтірді деген ақпарат тарады. Сонымен қатар Того әскері 9-10 шілдеде ұшқышсыз басқарылатын ұшақ содырлар деп ойлап, жеті бейбіт тұрғынды абайсызда өлтіргенін мойындаған еді. Жиһадшылар еніп кеткен аймақтарда мұндай қайғылы қателіктердің қаупі одан да жоғары.
Дегенмен Того үшін де, Нигер үшін де Түркиямен жабдықтау серіктестігі бұрынғы отаршыл Франциямен қауіпсіздік саласындағы тығыз серіктестікке тәуелділікті азайту туралы қоғамдық алаңдаушылықты жеңілдету үшін саяси тұрғыдан да тиімді.