Оқиға • 26 Тамыз, 2022

Петропавл саябағында шөп арасынан граната табылды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың ескі саябағында шөп шауып жүрген жұмысшы қалың талдың арасынан граната тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл саябағында шөп арасынан граната табылды

Фото: polisia.kz

Оқиға орнына арнайы мамандар шақырылды. 

Жұмысшы гранатаға ұқсайтын затты көре сала саябақты айналып өтіп бара жатқан патрульдік полиция қызметкеріне хабарлаған.  Ал инспектор ақпаратты 102 арнасына жолдап, жарылғыш зат жатқан жерге ешкімді жақындатпаған.

Шақырумен келген мамандар жарылғыш зат деп күдіктенген заттың алғашқы әскери дайындық сабағын өткізуге арналған УЗРГМ типті гранатасы екенін анықтады. Бұл құрал адам өміріне қауіп төндірмейді.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше