Қоғам • 26 Тамыз, 2022

Елімізде психикалық денсаулық қызметінің call-орталығы іске қосылады

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының директоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр-наркологы Қуаныш Алтынбеков Қазақстанда психикалық денсаулық қызметінің байланыс орталығын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде психикалық денсаулық қызметінің call-орталығы іске қосылады

Министрлік мәліметінше, медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж қазақстандықтарға консультациялық, психологиялық қолдау көрсету мақсатында бірыңғай call-орталық іске қосылады.

«Халық толық ақпаратқа ие болмағандықтан, оңалту бөлімшелері жұмыс істейтін жерде көмекті қалай алуға болады, бұл бөлімшелерге қалай кіруге болады деген сұрақтарға жауапты осы call-орталығынан ала алады. Аталған call-орталық еліміздің барлық психикалық денсаулық орталықтарын біріктіреді», дейді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының басшысы.

Бірыңғай call-орталық барлық ақпаратты біріктіріп, азаматтарға тиісті көмек алуға көмектеседі.