Теннис • 26 Тамыз, 2022

Қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тағы қарсыластары анықталды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, еліміздің бірінші, әлемнің 47-ші ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 71-ші орында тұрған франциялық Уго Гастонмен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тағы қарсыластары анықталды

Ал әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ші ракеткасы, Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен жасыл кортқа шығады.

39-шы сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 24-ші ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовадан өтуге тырысып көреді.

Сондай-ақ Анна Данилина, Андрей Голубев және Александр Недовесов жұптық сында жарысқа қатысады. Олардың қарсыластары кейін анықталады.

Айта кетсек, US Open додасы 29 тамыз-10 қыркүйек аралығында өтеді.