Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа бағамы 6,98 теңгеге көтеріліп, 472,20 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 тамыздағы ресми бағамы долларға 465,05 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 474,53 теңге, сату – 479,08 теңге.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,05 теңгеден сатып алынып, 476,32 теңгеден сатылып жатыр.