Аймақтар • 27 Тамыз, 2022

ШҚО-да өзгенің атынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО тұрғыны таныстарының атына 22 млн теңгеге жуық тауарлық несие рәсімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да өзгенің атынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды

22 шілде күні Өскемен қаласының Полиция басқармасы Үлбі полиция бөліміне алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Біршама уақыттан кейін қаланың тағы үш тұрғыны көмек сұрап полицияға жүгінген. Олардың проблемасы бірдей екені анықталды.

23 жастағы қала тұрғыны ірі сауда үйлерінің бірінде ақшалай көмек көрсетемін деген желеумен, жәбірленушінің атына қымбат смартфондар мен смарт-сағаттар ресімдеген. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындады. Жәбірленушілер бұрын күдіктімен таныс болғаны анықталды. Күдікті өзінің сенімді қылмыстық сызбасына сәйкес, жәбірленушінің атына тауарлық несие ресімдеп, барлық қарызды өзім өтеп отырамын деп сендірген. 

Қазіргі уақытта тергеу 23 жастағы ер адамның 28 ұқсас алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Ал залалдың алдын ала сомасы шамамен 22 млн теңге.