Ауа райы • 28 Тамыз, 2022

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 28 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райын ауқымды антициклон анықтайды, бұлтты және құрғақ ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында атмосфералық фронттар жаңбыр мен найзағай болжанады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.