Бокс • 28 Тамыз, 2022

Головкин Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Головкиннің твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

Головкин Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

«Жәнібек Әлімханұлын құттықтаймын! Қазақстанда чемпиондар көп болсын. Құтты болсын», деп жазды Генадий Головкин.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанған еді.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған.

Мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлын құттықтап, қазақ бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз деді.