Елорда • 28 Тамыз, 2022

Елордада тағы бір көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Ақмешіт көшесіндегі жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада тағы бір көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 28-31 тамыз аралығында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелетін болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген көлік басқармасының хабарламасында.