Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, көпқабатты үйлерді салушылар жергілікті биліктен құрылысқа рұқсат ала алмаған, сондықтан үй салынғаннан кейін қараусыз қалған.
Былдыр елдегі Жоғарғы Сот мұнаралар құрылыс нормалары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып салынған деп таныған еді. Ұзаққа созылған сот таластарынан кейін оларды бұзуға бұйрық шығарылды.
Мұнараларды бір орында құлатуға төрт тоннаға жуық жарылғыш зат қолданылған. Ғимараттар небәрі 10 секунд ішінде опырылып түсті.
Бұзылу алдында жақын маңдағы үйлердің тұрғындары, сондай-ақ қараусыз қалған ғимараттарда тұратын иттер эвакуацияланды.