Руханият • 29 Тамыз, 2022

Ясауи мұрасы насихатталады

5775 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бо­йынша «Ескерткіштерді қорғайтын халық» тақырыбында халық­ара­лық конференция өтеді. Ауқымды жиынға Еуропа мен Түр­кі­тілдес – барлығы 15 мемлекеттің аты әлемге мәшһүр ғалымдары қа­ты­сады. Басқосудың мақсаты – ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи­дің тұл­ғасын төрткүл дүниеге таныстырып, мұраларын насихаттау.

Ясауи мұрасы насихатталады

Ясауи хикметтерінің мән-ма­ғынасы неде? Әзірет Сұлтан болмысының жан-жақтылығы, шығар­машылығының өзекті­лі­гін немен түсіндіре аламыз? Осы сынды сауалдардың жауабын тауып, жария ету үшін облыс­тық қоғамдық даму бас­қар­­масының басшысы Аң­сар Өсер­баев ясауи­танушы ғалым­дармен кеңесіп, журналистер пулын жасақтады.

Олар арнайы бағдарламалар, бейнероликтер әзірлейтін болды.

Екі ай бойы ақпа­раттық-иде­оло­гиялық жұ­мыс­­тарды жан-жақты жүр­гізу үшін арнайы медиа-жос­пар бекі­тіліп, халықаралық кон­фе­­­рен­­цияға дайын­дық бас­та­­лып та кетті. Яғни Түркіс­тан­да қазан айының 26-28 күн­дері ара­лығында Ясауи мұ­­ра­­сын наси­хаттауға арнал­ған ха­лық­аралық деңгейде ғы­лыми кон­ференция ұйымдас­тырылмақ.

Оған әлемнің түкпір-түк­пі­рінен Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен мұрасын зерттеуші ға­­лымдар ша­қырылады. Ұй­ым­дастыру­шы­­лардың мә­лім­деуінше, бұл жол­ғы ғылыми конференцияның мән-маңызы бөлектеу болмақ. Аталған конференция қарсаңында өңірде бірқатар шара өткізу көз­деліп отыр. Мәселен, Ясауи мұ­расын насихаттау тақырыбында семинарлар, ал арнаулы және жо­­ғары оқу орындарында «дөң­гелек үстел» мәжілістері өт­кізіледі. Сон­дай-ақ мектептің жо­ғары сынып оқушылары арасында «Ясауи мұ­ра­сының түркі елінде насихатталуы» та­қырыбында эссе жазудан бай­қау, аудан-қалалардағы жастар ресурстық орталықтарында Ясауи хик­меттерін оқудан челлендж ұйым­дастырылмақ.

 

ТҮРКІСТАН